Текст
Мектепішілік бақылау (МіБ)
13.11.2025
План ВШК КЗ - /public/files/2025/11/13/131125_104737_plan-nachalynyh-klassov-kz.pdf
/public/files/2025/11/18/181125_160554_vshk-2-polugodiekaz-1.pdf
План ВШК РУ - /public/files/2025/11/13/131125_104805_plan-po-raabote-nachalynyh-let.pdf
1-ое полугодие - /public/files/2025/11/18/181125_164601_vshk-1-polugodie-1.pdf
2-ое полугодие - /public/files/2025/11/18/181125_160854_vshk-2-polugodie-1.pdf
График посещений уроков...
Ұйымдар тізімі
18.03.2026
Мектебіміздің оқушыларына, ата-аналарына және педагогтарына шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің белсенді қатысуларыңыз бен қолдауларыңыз арқасында «Қайырымдылыққа қадам» акциясы аясында 27 отбасыға көмек көрсетілді. Жиналған азық-түлік пакеттері қажет отбасыларға табысталды. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлығыңыз көпшілікті қуанышқа бөлеп, бірлігімізді көрсетті. Рахмет сіздерге, бірге жасалған жақсы істер әрқашан есте қалады! Мектеп әкімшілігі.
05.03.2026
Мектептің жоспарына сәйкес 04.03.2026 жылы мектепте 9-сынып оқушылары арасында ББЖМ өткізілді. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі ұйымдасқан түрде өтті. Нәтижелері оқушылардың білім сапасын талдау үшін пайдаланылатын болады.
27.02.2026
27 ақпан күні Горняк мәдениет үйі сахнасында Астана қаласының Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің “Елге алғыс” атты концерті өтті. Аталған маңызды мәдени шараға мектебіміздің домбыра ансамблі қатысып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – мектеп үшін де, оқушылар үшін де үлкен жетістік әрі зор мақтаныш. Домбыра жетекшісі Шынар Еркиновнаға шәкірттерге берген білімі мен еңбегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл жетістік – мектеп пен оқушылар үшін үлкен дәреже!
26.02.2026
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.
/public/files/2026/2/26/260226_111107_memlekettk-yzmetter-boyynsha-2025-god.docx
25.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Заводской кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ Сіздің назарыңызға 2026 жылғы 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті жария талқылау өткізілетінін жеткізеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты барлық ниет білдірушілерді талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.
18.02.2026
18.02.2026 жылы мектебімізде 8–11 сынып оқушыларымен теолог маман кездесу өткізіп, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы рухани дайындық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға зияны айтылып, діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар ораза ұстау мәселесіне тоқталып, өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін денсаулықтың маңызы ерекше екені ескертілді. Ағзаға қажетті қоректік заттардың жетіспеуі әлсіздікке әкелуі мүмкін болғандықтан, ораза ұстау алдында ата-анамен және дәрігермен кеңесу керектігі айтылды.
12.02.2026
В рамках воспитательной работы обучающиеся 8–11 классов посмотрели короткометражный фильм «Хулиганка», снятый по заказу Министерства внутренних дел Республики Казахстан. Основная цель фильма — побудить подростков к осознанному отношению к проявлениям агрессии, буллинга и психологического давления, а также помочь им задуматься о последствиях насильственного поведения. Кроме того, в целях профилактики правонарушений, наркомании и распространения наркотических средств был организован просмотр фильма «Не книжные закладки». Картина наглядно демонстрирует реальные риски и тяжёлые последствия, к которым могут привести необдуманные поступки. После просмотра фильмов заместитель руководителя по воспитательной работе Алия Санатовна провела разъяснительную беседу с учащимися в формате открытого обсуждения. В ходе диалога ребята поделились своими мнениями, обсудили затронутые проблемы и получили ответы на интересующие вопросы. Подобные мероприятия способствуют формированию правовой грамотности, развитию ответственности за свои поступки и укреплению нравственных ценностей среди подрастающего поколения.
12.02.2026
12 ақпанда мектепте Ауған соғысының ардагері Карагизов Жанат Қылышбаевичпен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған кездесу өтті. Қонақ өз естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға 35/17 әскери бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі командирдің орынбасары Нұрлан Өтеген қатысты. Кездесуді алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Искаков Ж.К. ұйымдастырды. Кездесу жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталды.
09.02.2026
09 ақпанда мектепте салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында математика, физика және информатика пәндері бойынша онкүндіктің ашылуы өтті. Сонымен қатар қалалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері марапатталды. Салтанатты жиын оқушылардың білімге және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
22.01.2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Өнерлі Ұлы дала» облыстық халық қолөнері көрме-байқауында «Тері өңдеу шебері» – теріні көркем өңдеу номинациясы бойынша мектебіміздің 7 «Б» сынып оқушысы Паньшина Валерия І ОРЫНДЫ иеленді! Жетекшісі: Кусаинова Гульдана Агланбековна Дарынды оқушымыз бен жетекшісін жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!