27 ақпан күні Горняк мәдениет үйі сахнасында Астана қаласының Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің “Елге алғыс” атты концерті өтті. Аталған маңызды мәдени шараға мектебіміздің домбыра ансамблі қатысып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – мектеп үшін де, оқушылар үшін де үлкен жетістік әрі зор мақтаныш. Домбыра жетекшісі Шынар Еркиновнаға шәкірттерге берген білімі мен еңбегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл жетістік – мектеп пен оқушылар үшін үлкен дәреже!