Текст
Мектепішілік бақылау (МіБ)
13.11.2025
План ВШК КЗ - /public/files/2025/11/13/131125_104737_plan-nachalynyh-klassov-kz.pdf
/public/files/2025/11/18/181125_160554_vshk-2-polugodiekaz-1.pdf
План ВШК РУ - /public/files/2025/11/13/131125_104805_plan-po-raabote-nachalynyh-let.pdf
1-ое полугодие - /public/files/2025/11/18/181125_164601_vshk-1-polugodie-1.pdf
2-ое полугодие - /public/files/2025/11/18/181125_160854_vshk-2-polugodie-1.pdf
График посещений уроков...
Ұйымдар тізімі

Сіздерді Заводской кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы қарсы алады. Біздің мектеп оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды. Біздің мектеп мұғалімдері кәсіпқойлығымен, өз ісіне адалдығымен, бір-бірімен ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Заводской кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің сайтында мектеп өмірінің ең үздік беттерімен таныса аласыздар, онда біздің түлектер, еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары, мұғалімдер туралы баяндалады. Сіздерді ынтымақтастықта тәжірибе алмасу үшін, қызықты ұсыныстар үшін біздің сайтқа шақырамыз.
Құрметпен Заводской жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Дауленбаева Шынара Егинбаевна
т. 87014846202
09.04.2026
2025 жылғы 24-25 қыркүйек күндері мектеп басшысы Дауленбаева Шынара Егинбаевна Қызылорда қаласында өткен IV Ұлттық қайырымдылық конференциясына «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбымен қатысты. Ұлттық қайырымдылық конференциясы – бұл еліміз бойынша «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жұмыстарының нақты нәтижелерін көрсету және қорытындылау мақсатында жыл сайын өткізілетін алаң.
09.04.2026
26.12.2025 жылы қысқы демалыс күндері алдында Степногорск қаласы Заводской кентінің ПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Еслямбек А.К., «Заводской кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ 8-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Кездесу барысында балалар қылмысы, жол ережелері, көлік басқару, темекі шегудің және есірткі заттарын қолданудың зияны, сондай-ақ 18 жасқа толмағандардың 23:00-ден кейін ересектерсіз болмауының маңыздылығы талқыланды. Басшының ТЖ бойынша орынбасары А.Мухамедрахимова.
09.04.2026
Халықаралық волонтерлық жыл аясында 2026 жылғы 9 сәуір күні біздің мектепте «Гүл отырғызу» акциясы ұйымдастырылды. 6-сынып оқушылары биология пәні мұғалімі Каримова Г.К. басшылығымен сыныпта гүл отырғызды. Оқушылар өсімдіктерге күтім жасайды, ал күн жылығанда мектеп алаңын гүлдермен безендіреді. Бұл шара балаларға табиғатты сүюді, қамқорлықты және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
03.04.2026
Халықаралық волонтерлер жылы аясында мектебіміздің оқушылары «Пластик жинау» акциясына қатысты. Оқушылар аумақтарды тазалап, пластик қалдықтарды жинап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Табиғатты бірге қорғайық!
02.04.2026
"Заводской кентінің жалпы білім беретін мектебі"КММ 3 "А" сынып Тақырыбы: "Құстар - қанатты досымыз" сынып сағаты өтті Сынып жетекшісі: Алпыспаева Ж.Е.
22.03.2026
2026 жылғы 21 наурыз күні Астраханка кентінде ұлдар мен қыздар арасында бокстан аудандық турнир өтті. Біздің кентіміздің намысын 7 спортшы қорғады. Жарысқа 7 команда қатысты. Спортшыларымыз жоғары дайындықтарын көрсетіп, табандылық пен жеңіске деген жігер танытып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді: 5 финалист, 4 чемпион және 2 қола жүлдегер.
19.03.2026
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлттық киім» күні аясында Заводской кентінің полиция қызметкерлері мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігі, оқушылардың демалыс уақыттағы сақтық шаралары және ғаламтор желісіндегі алаяқтықтың алдын алу тақырыптарында мазмұнды дәріс оқылды. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі пайдалы өтті.
19.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 3 сыныптардың сынып жетекшілері ұйымдастырған «Ұлттық спорт күні» өтті. Оқушылар түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара белсенділікке, достыққа және командалық рухқа баули отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
18.03.2026
Мектебіміздің оқушыларына, ата-аналарына және педагогтарына шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің белсенді қатысуларыңыз бен қолдауларыңыз арқасында «Қайырымдылыққа қадам» акциясы аясында 27 отбасыға көмек көрсетілді. Жиналған азық-түлік пакеттері қажет отбасыларға табысталды. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлығыңыз көпшілікті қуанышқа бөлеп, бірлігімізді көрсетті. Рахмет сіздерге, бірге жасалған жақсы істер әрқашан есте қалады! Мектеп әкімшілігі.
05.03.2026
Мектептің жоспарына сәйкес 04.03.2026 жылы мектепте 9-сынып оқушылары арасында ББЖМ өткізілді. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі ұйымдасқан түрде өтті. Нәтижелері оқушылардың білім сапасын талдау үшін пайдаланылатын болады.