18.02.2026 жылы мектебімізде 8–11 сынып оқушыларымен теолог маман кездесу өткізіп, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қасиетті Рамазан айы қарсаңындағы рухани дайындық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға зияны айтылып, діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар ораза ұстау мәселесіне тоқталып, өсіп келе жатқан жасөспірімдер үшін денсаулықтың маңызы ерекше екені ескертілді. Ағзаға қажетті қоректік заттардың жетіспеуі әлсіздікке әкелуі мүмкін болғандықтан, ораза ұстау алдында ата-анамен және дәрігермен кеңесу керектігі айтылды.

18.02.2026
Просмотров: 40


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу