Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі күрделі және шешуші қадам болып табылады.
Өзін-өзі анықтау факторлары: біріншіден, бұл отбасы; екіншіден, мектепте кәсіптік бағдарлау мәселесі әр сабақта жаңа тақырыпты оқығанда қойылады. Кәсіптік бағдар берудің мақсаты: психологиялық дайындығын қалыптастырудың арқасында оқушы кәсіби қызметті тәуелсіз өзі таңдауы.
Мектептегі кәсіптік бағдарлау келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
- мамандықтар әлемімен танысу;
- қызығушылықтарды, қабілеттерді, бейімділіктер мен қызмет мотивтерін зерттеу;
- мамандық таңдау ережелерімен танысу;
- кәсіби болашағы туралы ойлауға ынталандыру.
Кәсіптік бағдар беру бойынша мектептің жұмысының мазмұны келесі бағыттарды қамтиды:
1. «Мамандықты дұрыс таңдау деген нені білдіреді?», «Өзіңді болашақ кәсіби қызметке қалай дайындау керек?», «Білім деңгейі және мамандық таңдау», «Нарықта мамандық таңдау» және т.б. тақырыптардағы әңгімелер.
2. Әр түрлі кәсіп өкілдерімен кездесулер, кәсіби оқу орындарына экскурсиялар.
3. Әр оқушыны қызығушылық пен бейімділіктің дамуына ықпал ететін ортаға қосу: топтық және факультативті сабақтар, әлеуметтік іс-шаралар.
4. Оқушуның болашақ мамандығын таңдаудағы күш сынағы ретінде қоғамдық пайдалы жұмысын ұйымдастыру.
5. 9-11 сынып оқушыларына қосымша білім беру және оқыту туралы ұсыныстар. Оқу бейінін таңдауға көмектесу.
6. «Мамандық таңдау деген не?», «Оқушыларды мамандық таңдауға дайындаудағы отбасының рөлі» тақырыптары бойынша ата-аналарға арналған лекциясы.
Мектептің функциялары: диагностикалық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, мотивациялық, профилактикалық, тәрбиелік, коммуникативті.