Халықаралық волонтерлық жыл аясында 2026 жылғы 9 сәуір күні біздің мектепте «Гүл отырғызу» акциясы ұйымдастырылды. 6-сынып оқушылары биология пәні мұғалімі Каримова Г.К. басшылығымен сыныпта гүл отырғызды. Оқушылар өсімдіктерге күтім жасайды, ал күн жылығанда мектеп алаңын гүлдермен безендіреді. Бұл шара балаларға табиғатты сүюді, қамқорлықты және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.