"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Заводской кентінің жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа поселка Заводской отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.04.2017

Заводской кентінің орта мектебінің балалар кітабы онкүндігі бекітілген жоспар бойынша 1- 14 сәуір 2017 ж. аралығында өтті.

Балалар  кітабының онкүндігінің міндеті жас оқырмандарға олар үшін басылған  ең қызықты нәрселер көрсетіліп, мұғалімдер мен ата-аналардың балалар оқуының мәселелеріне назар аудару.

Онкүндікке дайындық көктемгі каникул кезінде басталды: кітапхана белсенділері мерекелік  балалар плакатын шығарды.   

Кітапханада "Армысын, кітапшалар апталығы! "кітап көрмесі, мерейгерлердің кітап көрмесі және балалар жазушыларының мерейтой кітап көрмесі   ұйымдастырылды.

Балалар кітап онкүндігінің ашылуы  1-наурыз күні қызықты және мерекелі түрде өтті.  Ойындар,викториналар,конкурстар өткізілді. "Кітап ауруханасы" жұмыс істеді. Ашылудың қатысушылары   -  1 - 4-сыныптар.Ең кішкентай оқырмандар күітапхана басшылығымен 37 кітаптан астам жөндеді.

Балалар журналдарына шолу, жұмбақтар сайысы, мәнерлеп оқу 2-сынып аралығында өткізілді. Биылғы жылы мектеп кітапханасы "Балдырған", "Айгөлек", "Ертегілер әлемінде. ", "Непоседа" балалар басылымдарын жазып алады: олар бойынша жарияланымдарға шолу өткізілді, қатысушылар жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребустар шешті. Оқушылар сүйікті өлеңдерді, өздері  оқыған шығармалар туралы айтып берді, ұнатқан шығармалары бойынша сахналық көріністер көрсетті. Белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды.

 5 сәуір күні  2В сынып оқушысы  "Біз ертегілерді жақсы көреміз" атты ойын – викторинасына қатысты. Балалар өздерінің  сүйікті кейіпкерлерімен бірге сүйікті шығармаларына саяхат жасады. Балалар өз білімдерін танытты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың жүйелі түрде әдебиет оқу  қажеттілігін дағдыландыру. Соңында қатысушылар марапатталып,  диплом алды.

6 сәуір күні кітапханада " жаңа кітаптар мерекесі" өткізілді. Жаңа әдебиеттерге шолу, сондай-ақ ойындар мен сайыстар өткізілді .

Қатысушылар 3Б сыныбы. Кітапханашы кітапханадағы жаңа және қызықты басылымдады көрсетті. Балалар өздерінің оқыған кітаптары туралы өз пікірлерімен бөлістіді ауысты. Қорытындысында ойындар мен конкурстар өткізілді.

7 сәуір күні  3Вжәне 4Ә сынып оқушылары арасында  "Кейіпкерлері сүйікті кітап" атты  викторина өткізілді. Сынып  жетекшілері Кульмагамбетова А. М. Хамитова, Т.В.,  командаларды мұқият дайындады.

Барлығы қатысты. Өлеңдер оқыды,  балалар жазушылары мен кейіпкерлері туралы қызық  әңгімелер айтты, кітапханаға сүйікті суреттерін сыйлады.

8 және 10 сәуір күндері 4Б және 4А сыныптары арасында  "Біз оқимыз және сурет саламыз" атты

балалар суреттер сайысы өтті.

«Сүйікті кітаптар беттерінен» атты викторинаға 3 сынып оқушылары қатысты. «Сұңқар» және  «Достық» топтары әр түрлі сайыстарға қатысты. .Тапсырмалар өте көп болды. Балалар өте көп қызықты да танымдық мәліметтермен танысты. Іс-шара соңыда оқушылар дипломдармен марапатталды.

12 сәуір күні 5-6 сыныптарда «Ең білімпаз» танымдық- ойын -сауық  викторинасы ұйымдастырылып, өткізілді. Орта буын оқушылары осы оқу жылында ерекше белсенді болды, көп оқыды, әртүрлі кітапханалық іс-шараларға

белсене ат салысты. Іс шара дипломдармен , марапаттаумен аяқталды.

13 сәуір күні жазушы мерейгерлермен кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілінде оқитын 5-9 сынып

оқушылары қатысты. Мектеп кітапханасында кітап көрмелері ұйымдастырылды : «2017 жыл мерейгер - жазушылары», «Мерейгер - кітаптар». Мұғалім -  Алтынбекова

А.А.  «Ыбырай Алтынсарин -  175 жыл, Қасым Аманжолов – 105 жыл,   Сайын Мұратбеков – 80 жыл,  Максим Зверев – 120 жыл, Жумагали Саин – 110 жыл, Ғабит Мүсірепов – 115 жыл» мерейгер – жазушылар бойынша шолу өткізіп, оқушыларды олардың шығармаларымен таныстырды. Оқушылар викторинаның сұрақтарына

жауап берді.

«Ұлы адамдардың мерей күні. Мерейгер-кітаптар» 14 сәуір 6-9 сыныптарда өтті.  «А. Казанцев – 110 лет , Г.

Уэллс – 150 жыл, Ф. Достоевский – 195 жыл, В. Даль – 215, Н. Некрасов – 195 жыл, В. Катаев – 120 жыл,  К.Чуковский – 135 жыл» бойынша кітап көрмесі безендіріліп, шолу өткізілді.  Мерейлі күндер мен мерейгер жазушылардың шығармалары бойынша Асаева С.С. викторина өткізді. Сайысқа қатысты.Әділқазылар

жақсыларын белгіледі. Кітапхана белсенділері жазушылар туралы қысқаша мәлімет жинап, оқырмандар өз пікірлерімен алмасты.

Онкүндік соңында оқушыларға «Ең оқымысты сынып» номинациясында дипломмен марапатталды, «Ең жақсы

оқырман» қорытынды шығарылды.

Онкүндік 9-1-9 сыныптар арасында өтті. Кітапхананы 397 оқырман барды. 19 іс-шара өткізілді. Онкүндікті өткізу барысында кітапханаға келушілер саны артты, кітап оқуға деген қызығушылықтары жаңара түсті, оқырмандар өзлдері үшін жаңа есімдер мен жаңа кітаптар ашты. Оқушылар іс-шараларға қызығушылық танытып , қатысты.

Балалар кітап онкүндігі оқушылардың кітапханаға назарын аударып қана қоймай, олардың жасырын қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст