"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Заводской кентінің жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогикалық қызметкерлер мен әкімшілік-басқарушылық құрамның аттестациясы аясында «Функционалдық сауаттылық интеграция арқылы: Әдістемелік диалог және құзыреттілікке бағытталған оқытуға арналған ресурстар трансляциясы» тақырыбында әдістемелік көпір ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің аттестациялық комиссиясының сарапшылары қатысты: – Шаймерденова А.А. – қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі; – Рахимжанова К.С., Уразов Е.О., Баязитова Г.Т., Алипов Е.И. – білім бөлімі әдіскерлері; – Шаяхметова Ж.Б., Довгаль Н.Н., Сулейменова К.Д. – аттестациялық комиссия мүшелері. Әдістемелік көпір кәсіби қарым-қатынас үшін тиімді алаңға айналып, педагогтар мен әкімшілікке өз құзыреттілігін көрсетуге, сондай-ақ ұжымның әдістемелік мәдениетін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шара нәтижелері аттестация барысында және білім беру ұйымын дамыту процесінде ынтымақтастық пен өзара қолдаудың маңыздылығын дәлелдеді.