Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру
жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін
терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан
бері мұқият дайындылық» деп айтқан еді. Енді міне тіл мамандары тарапынан латын
әліпбиінің нұсқасы ұсынылып, бекітілген болатын. Енді осы бағытта жұмыстар
атқарылуда.
Латын әліпбиіне көшу –бұл заман талабы. Ал заман талабына сай жүру-бұл қажеттілік. Қазақ
елінің, оның ішінде жастарымыздың жарқын, кемел болашағы үшін латын әліпбиі
керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, түбі бір түркі тілдес халықтар да латын әліпбиін
қолданады. Латын әліпбиіне көшу арқылы түркі тілдес халықтармен рухани
қарым-қатынасты күшейтуге болатынын ғалымдар да атап өткен болатын. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу арқылы-тіл тазалығының сақталуына да мән беріліп отыр. Қай заман
да болмасын, тіл тазалығы бірінші орында тұратын болғандықтан, латын әліпбиіне
көшу арқылы бірқатар мәселелерді шешуге мән беріліп отырғаны айтылуда. Латын
әліпбиі- әлемдік дәреже шығуға жол ашады
деген ойдамын.