Заводской орта мектебінде қараша айында мектеп мұғалімдері арасында «Латын әліпбиіне көшу–заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы екенін және латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің мәртебесін әлемдік дәрежеге көтеруге жол ашатынын және интернеттегі ақпараттардың 80 пайызы латын тілінде екені айтылды. Сонымен қатар әлемде ең көп қолданылатын латын әліпбиі екені де назардан тыс қалмады. Бірақ тіл мамандары тарапынан ұсынылған әліпбиге көңілдері толмайтындары да болды. Әсіресе, дәйекшелерді жазуда қиындық туындайтыны да сөз болды. Дөңгелек үстел мұғалімдердің латын әліпбиін қолданып,шағын хат жазуларымен аяқталды. Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Біріншіден, латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас белгісі болып отыр. Демек, дүниежүзі халқының 80%-ы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бетбедерін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді деген қорытынды жасалынды.